Атырауда ауласында алау жағылған мектептің директорына қатаң сөгіс берілді
Атырауда ауласында алау жағылған мектептің директорына қатаң сөгіс берілді
1,914
оқылды
Атырауда ауласында алау жағылған мектептің директорына қатаң сөгіс берілді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Әлеуметтік желіде мектеп ауласында алау жағылғаны түсірілген видео тарады. Кейін Атырау қаласындағы №8 Ө.Атамбаев атындағы мектепте Масленница мерекесі атап өтілгені анықталды. Алау жанында оқушылар тұр. Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің айтуынша, мұндай іс-шараны мектепте өткізуге болмайды. «Діни сипаты бар іс-шара мектептің базасында өткен. Бірақ  қауіпсіздікті сақтау үшін төтенше жағдайлар органдарымен келісілмеген. Атырау қалалық білім бөліміне де хабарланбаған. Мектептің директоры ата-аналар ұсынысын қолдап, білім ордасының ауласында алау жағуға рұқсат берген. Осыған байланысты мектептің директорына қатаң сөгіс берілді», – деп мәлім етті Жасұлан Бисембиев.