Экс-сенатордың өлімі “анафилаксиялық шок” алғаннан болуы мүмкін

Экс-сенатордың өлімі “анафилаксиялық шок” алғаннан болуы мүмкін

Полиция Сенаттың бұрынғы депутаты, Оқу-ағарту министрлігі комитеттерінің бірінің жетекшісі Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы NUR.KZ тілшісіне Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап берген. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Кісі өлімі» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, – деп мәлімдеді ведомство өкілдері. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды. Еске сала кетсек, Гүлмира Кәрімова биыл 27 қаңтарда көз жұмған еді. Сенаттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада оның өліміне «анафилаксиялық шок» деген диагноз себеп болған.