Алматы облысында тау кенеттен опырылып түсіп, 2 үйді басып қалды
Алматы облысында тау кенеттен опырылып түсіп, 2 үйді басып қалды
© azattyq-ruhy.kz
2,751
оқылды
Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында тау жынысының кенеттен жылжуына ауа райы әсер еткен.
«2023 жылғы 27 ақпанда сағат 9.50-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімінің пультіне Талғар ауданы Бесағаш ауылының «Бурабай» коттедж қалашығынан хабар келіп түсті. Онда 2023 жылғы 25-26 ақпан аралығында жаңбыр мен қар түрінде жауған жауын-шашынға байланысты лай батпаққа айналған  топырақ төмен жылжыған. Соның салдарынан қорғаныс қоршауы – бетонды тіреуіш қабырғаны жарып өтіп, Баянауыл көшесіндегі екі жеке тұрғын үйді басып  қалған. Төменге түскен топырақ үйлердің бірінің терезесіне зақым келтіріп, бөлмелердің  іш жағына кірген. Тағы бір үйде соққыдан қабырғаларда жарықтар пайда болған. Жарақаттанғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына ТЖ департаментінің, «Қазселденқорғау» ММ, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері дереу жіберілді. Оқиғаның нақты себептері мен келтірілген залалды анықтау жөніндегі комиссия құрылды», – деп мәлімдеді Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең Алматы облысында таудың етегі опырылып, екі үйді басып қалған болатын.