Энтони Блинкеннің Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесу сәтінен фотосуреті жарияланды.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келді. Мәртебелі мейман сапар аясында Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен екіжақты келіссөздер өткізді. Сонымен қатар ол еліміздің бас қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі деп жоспарланған.
Энтони Блинкен сапар барысында жоғары лауазымды тұлғалармен кездесулерден бөлек, Орталық Азиядағы бес республика өкілдерімен «С5+1» форматындағы министрлер кездесуіне қатысады.
«С5+1» форумы АҚШ, Қазақстан, Қырғыз Республкасы, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан арасындағы экономикалық, энергетика, қоршаған орта және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.