Қытай АҚШ-ты коронавирусқа байланысты дүрбелең тудырды деп айыптады
Қытай АҚШ-ты коронавирусқа байланысты дүрбелең тудырды деп айыптады
Фото: Интернеттен алынды
271
оқылды
Қытай СІМ ресми өкілі Хуа Чуньин Қытайда коронавирус тарап жатқан кезде АҚШ ешқандай көмек көрсетпеді деп мәлемдеме жасады. Қиын кезеңде, керісінше, аурудың таралуына байланысты дүрбелең тудыруды деп айыптады, – деп жазады РИА Новости.
«Ауру таралған сәттен бастап көптеген ел Қытайға көмегін ұсынып, қолдау көрсетті. Сол үшін алғыс білдіреміз. Бірақ, менің білуімше, АҚШ Қытайға ешқандай елеулі көмек көрсетпеді. Керісінше, бірінші болып Уханьнан өз консулдығының қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа көшірді. Елшілік қызметкерлерін Қытайдан алып шығуға бірінші болып ниет білдірді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытаймен сауда-саттық жасауға және елге сапарлар жүргізуге шектеу қоймау туралы ұсыныс білдірген соң, АҚШ бірінші болып ҚХР-дың барлық азаматтарына елге кіруге толық тыйым салды», – деп мәлімдеді Хуа Чуньин онлайн-брифинг барысында.
Қытай СІМ ресми өкілі Хуа Чуньин АҚШ-тың тыйым салуы дүрбелеңнің пайда болуы мен таралуына әсер еткенін айтты.