ЖСДП жемқорлықпен күрес проблемасын көтерді
ЖСДП жемқорлықпен күрес проблемасын көтерді
Фото ЖСДП-ның Фейсбуктегі ресми аккаунтынан алынды
626
оқылды
Бүгін ЖСДП-ның сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары Павлодар облысында жалғасты. Социал-демократтардың партиялық тізімі бойынша Мәжілісінің депутаттығына үміткер Ажар Сағандықова мәдениет қызметкерлерімен, зиялы қауыммен және жастармен кездесу өткізді. Кездесуде мәдениет саласында жинақталып қалған проблемалар, кітапханашылар, мұрағатшылар мен мұражай қызметкерлері ең төменгі жалақы алатыны, партияның сайлауалды бағдарламасында мәдениетке ерекше көңіл бөлінгені айтылды.
ЖСДП балалар мен жастардың бос уақытын мазмұнды өткізуді, барлық мәдени қызметтер жастар мен балалар үшін тегін болуын, осылайша мәдени, шығармашыл және спорттық тұлғаны қалыптастыру қажет деп санайды.
Бұл күннің тағы бір маңызды оқиғасы «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының тікелей эфирінде өткен 7 партияның өкілдері арасындағы пікірсайыс болды. Социал-демократтар атынан Мәжіліс депутаттығына партия тізімі бойынша үміткер Нұрлан Әуесбаев қатысып, партияның бағдарламасын, өздерінің саяси-әлеуметтік, экономикалық ұстанымдарымен таныстырды.