– Жалпы, кадрлық әлеуеттің болмауы байқалады. Егер бұрын бізде жыл сайын оқыған тігіншілердің саны көп болса, қазір олардың саны он есеге азайды. Тігіншілерден басқа, біздің салаға басқа да мамандар қажет. Іс жүзінде егде жастағы қызметкерлерді ауыстыратын жас мамандар дайындалмайды, – дейді Өңірлік кәсіпкерлер палатасының жеңіл өнеркәсіп комитетінің төрағасы Андрей Шмарин.Иә, аймақта кадр жетіспеушілігі алаңдатады. Бір ғана 2021 жылы ашылған Ютария ltd тігін фабрикасына 50-дей тігінші қажет.
– Негізінде, бұл кәсіпорын 2021 жылы мамыр айында ресми түрде ашылды. Кадр жетіспеуіне байланысты өндірістік ғимараттың бірінші қабатын ғана пайдаланып отырмыз. Алға қойған мақсаттарға жетуіміз үшін өз мамандарымызды дайындауымыз керек. Осы мақсатта Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы, тігінші, тігінші-технологтарды оқытып, дайындайтын колледждер және жұмыспен қамту орталығы, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдерімен жұмыс атқарып жатырмыз. Технология және сервис колледжімен меморандумға отырдық. Студенттері келіп өндірістік тәжірибеден өтуде. Сән колледжінің де оқушылары келіп тігіншілікке үйреніп жатыр. Сонда да кадр жетіспеушілігі бар. Мысалы, бір ғана колледжді жылда 30-40 студент бітірсе, оның 2-і немесе 3-і ғана өз мамандығы бойынша жұмысқа тұрады, – дейді Ютария Ltd өндірістік инновациялық компаниясының Қарағанды қаласындағы бөлімшесі оқу орталығының директоры Шолпан Әбілдина.Оның айтуынша, фабрика толық өндірістік қуатымен жылына 350 мыңнан астам тігін бұйымын шығара алады. Жаңа кәсіпорын медициналық қызметкерлерге арналған бетперделер, халаттар мен жиынтық киімдерді тігуге мамандандырылған. Бұдан басқа, мұнда көмір өнеркәсібінің кәсіпорындарына, «Қазақстан темір жолына», «Қазақмысқа» арнайы киім тігеді. [caption id="attachment_242684" align="aligncenter" width="1395"] © коллаж: Еркебұлан Дүйсеболат[/caption] Әрине, тігіншіден басқа да мамандарға зәру компаниялар көп. Көбінде аға буын өкілдері жұмыс істейді.
«Жастар өндірісте жұмыс істеуге құлықсыз. Ауыр деп қашады. Тез ақша табуды ойлайды. Тігінші мамандығы өлмейтін мамандық. Өйткені үлкен компанияларда сұраныс бар», – дейді Шолпан Әбілдина. Саран қаласының кәсіпкері Владимир Алескеров қайта оқыту бағдарламаларына, колледждер мен оқу орталықтарының жұмысына қарамастан, көптеген түлек мамандық алғаннан кейін жұмысқа орналасқысы келмейді деп санайды. «Кадрлар мәселесі біз үшін өте қиын. Президент техникалық жұмысшы мамандықтарының жетіспейтіні туралы мәселені бірнеше рет көтерді. Жыл сайынғы мемлекеттік тапсырыс шамамен 8 мың орынды құрайды. Колледждер кадрларды даярлау үшін жоғары деңгейде жағдай жасады. Шарттар көптеген зауыт ұсынғаннан да жоғары. Мысалы, Қарағанды технология және сервис колледжі 95 түлекті оқытып, оның ішінде 38 адам ғана мамандығы бойынша жұмысқа кетті. Тренд мынада: оқу орталықтары мен колледждер болашақта мамандығы бойынша жұмыс істемейтін көптеген маман шығарады. Бұл біз үшін жұмыс қолына мұқтаж кәсіпкерлер үшін үлкен проблема», – дейді Владимир Алескеров. Бұл мәселені шешу үшін кәсіпкер түлектерге үш жылдық жұмыс нормасын заңнамалық деңгейде бекітуді ұсынады. «Бұл бағдарламаның тиімділігін арттырады және техникалық саладағы кадр тапшылығын жабады», – дейді ол.Абай тігін фабрикасында да кадр тапшылығы бар. Бүгінде фабрикаға тағы 50-ге жуық тігінші жұмысқа орналаса алады. Зауыт иесі Нұрхан Жұмабековтің айтуынша, оларда өндірісті одан әрі дамыту жобасы бар.
«Біздің Абай тігін фабрикасында 500 адамға арналған инфрақұрылым дайын. Мен дәл қазір 50 адамды жұмысқа орналастыруға дайынмын. Оның үстіне, менде мемлекеттік тапсырыс жоқ. Ал егер болашақта мемлекеттің көмегі мемлекеттік тапсырыстарда болса, онда барлығы 500 адам жұмыс істейтін болады», – дейді кәсіпкер Нұрхан Жұмабеков.Ал «екі қолға – бір күрек» іздегендер үшін Enbek.kz порталында Қарағанды облысы бойынша 4 412 бос орынға 11 250 жұмыс күші керек. Жұмыссыздықпен күрес жүріп жатқанымен, отандық өнім шығаратын компанияларда жастардың азайғаны шынымен ойландыратын мәселе.
Қарағанды облысы