Жетісу облысында жол апаты болып, бір адам қаза тапты
Жетісу облысында жол апаты болып, бір адам қаза тапты
1,842
оқылды
Жол апаты Алакөл ауданында тіркелген. Жол-көлік оқиғасы кезінде Volkswagen көлігі жол жиегіне шығып кеткен.
"2 наурызда Үшарал-Достық тасжолының 61 шақырымында Mazda CX-7 көлігінің 33 жастағы жүргізушісі алдындағы көлікті басып озуға әрекеттенгенде жолай кетіп бара жатқан Volkswagen-ді соққаны алдын ала анықталды. Салдарынан неміс автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіне шығып, аударылған", – делінген полиция хабарламасында.