Сайлау науқанын ЖСДП қазақстандықтарға «лайықты өмір сыйлаймыз» деп жалғастыруда
Сайлау науқанын ЖСДП қазақстандықтарға «лайықты өмір сыйлаймыз» деп жалғастыруда
Фото ЖСДП-ның Фейсбуктегі ресми аккаунтынан алынды
360
оқылды
Халықтың өмір сүру сапасын арттыруды сайлауалды бағдарламасының өзегі етіп таңдаған социал-демократтар «Лайықты өмір үшін!» деген ұран көтеріп, «жалған уәде бермейміз, уақыты келгенде іспен көрсетеміз» дейді. Мәжіліске партия тізімі бойынша үміткер Мирамбек Камалов Ақтөбе металл құрастыру зауытының жұмысшыларымен кездесіп, облыста үгіт-насихат кампаниясын жалғастыруда.
Батыс өңіріндегі сайлауалды штабындағы іс-шаралар ауқымы басқа өңірлерде де көрінуде.
Социал-демократтардың партия тізімі бойынша тағы бір үміткері Нұрым Нұрлыбеков Алматы облысының аудандарын аралайтын «үгіт-насихат пойызы» туралы жарияласа, Батыс Қазақстаннан партия тізіміне енген Анаргүл Әбенова «Домостроитель» компаниясының ұжымымен кездесіп, партияның бағдарламасыy таныстыру жұмыстарын белсене қолға алған.