Қазақстандық дзюдошы Grand Slam жарысының күміс жүлдегері атанды
Қазақстандық дзюдошы Grand Slam жарысының күміс жүлдегері атанды
436
оқылды
Қазақстандық Нұрқанат Серікбаев Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан өтіп жатқан әлемдік Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды. Н.Серікбаев 60 келіге дейінгі салмақта финалда оңтүстіккореялық Ким Вон Джунге жол берді. Қазақстан дзюдо федерациясының хабарлауынша, Нұрқанат Серікбаев бұл жарыс кезінде барлығы бес кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтады.