Алматы полицейлері 147 заңсыз қару сақтау фактісін анықтады
Алматы полицейлері 147 заңсыз қару сақтау фактісін анықтады
Алматы полицейлері 147 заңсыз қару сақтау фактісін анықтады. Алматы қалалық Полиция департаменті мәлім еткендей, мегаполисте республикалық «Қару» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр.
«Заңсыз сақталған қаруды анықтау үшін 38 топ құрылды. Жедел алдын алу шарасы барысында барлығы 147 азаматтық және қызметтік қаруды сақтау, есепке алу және қайта тіркеу шарттарын бұзу деректері анықталып, нәтижесінде 145 жекеменшік иесі және 2 заңды тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы және ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Анықталған заңбұзушылықтар жойылғанға дейін 89 бірлік тіркелген қару тәркіленді», – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік  полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.
Бұдан бөлек, заңсыз айналымнан 8 тіркелмеген қару, 1 бірлік жарылғыш зат, 549 мылтық, 6 тегіс ұңғылы қару, 10 травматикалық қарудың патроны, 5 дана суық қару, 2 жарықты-шулы граната тәркіленді.
«ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес тіркелмеген тегіс ұңғылы, газ-травматикалық және газды қаруды заңсыз сақтау бойынша барлығы 11 қылмыстық іс тіркелді», – деді спикер.