Шавкат Рахмонов UFC-дің үздік спортшысын мерзімінен бұрын жеңді
Шавкат Рахмонов UFC-дің үздік спортшысын мерзімінен бұрын жеңді
3,540
оқылды
Қазақстандық боксшы Шавкат Рахмонов (16-0) аралас жекпе-жектен Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 285 турнирінде өнер көрсетті, −  деп хабарлайды Sports.kz. Рахмонов америкалық боксшы Джефф Нилді (15-4) жеңіп, үшінші раундта   ойынды аяқтады. Айта кетейік, жекпе-жек алдында Нил жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде Рахмоновтан жоғары болған: америкалық − жетінші, қазақстандық тоғызыншы болып  тізімде тұрды. Осылайша, Шавкат Рахмонов кәсіпқой мансабындағы он жетінші жеңісіне қол жеткізді. Ол шаршы алаңда әлі жеңіліп көрмеген. Ал Джефф Нил бесінші рет жеңіліске ұшырады. Рахмонов үшін бұл UFC-дегі бесінші жекпе-жек (оның рекорды 5-0), Ніл үшін оныншы (7-3) болды.