Шавкат Рахмонов UFC 285 турнирі алдында қазақ тілінде сөз сөйледі
Шавкат Рахмонов UFC 285 турнирі алдында қазақ тілінде сөз сөйледі
774
оқылды
"Спорт Шредингера" Telegram-арнасы өкілдері қазақстандық боксшы Шавкат Рахмоновтың Лас-Вегастағы UFC 285 турнирінде америкалық Джефф Нилмен жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзіне назар аударды, - деп хабарлайды Tengri Sport.
"UFC-де алғаш рет қазақ тілінде сөз сөйленді. Шавкат Рахмонов - турнир алдында баспасөз мәслихатына қатысқан тұңғыш қазақстандық. Көрермендермен баспасөз мәслихатына тек негізгі кардадағы файтерлер қатысады", - делінген дереккөзде.
Баспасөз мәслихаты барысында Рахмонов бұған дейін барлық қарсыласын мерзімнен бұрын жеңгенін еске салды.
"Джефф Нилмен де солай істей аламын деп ойлайсыз ба, әлде бүкіл қашықтықты орындауға қарсысыз ба? Бұл қайта сіз үшін жақсы ғой", - деп сұрақ қойды журналист.
Қазақстандық спортшы оған ең алдымен жекпе-жекте жеңіске жету маңызды екенін айтты.
"Мен бірінші кезекте жеңіске жетуге тырысамын. Қалай болғаны маңызды емес. Жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтау мүмкіндігін көрсем, оны істеймін. Бірақ бастысы жеңіске жету", - деді Шавкат қазақ тілінде.