Шавкат Рахмоновтың бүгінгі жекпе-жектен алатын ақысы белгілі болды
Шавкат Рахмоновтың бүгінгі жекпе-жектен алатын ақысы белгілі болды
12,435
оқылды
Қазақстандық боксшы Шавкат Рахмонов (16-0) пен америкалық Джефф Нил (15-4) Лас-Вегаста өткен UFC 285 турниріндегі жекпе-жектен қанша алатыны белгілі болды, – деп хабарлайды Sports.kz. Рахмоновтың бұл жекпе-жек үшін кепілдендірілген жарнасы 30 000 долларды құрайды (плюс демеушілік бонус ретінде 6 000 доллар). Сондай-ақ қазақстандық салмақ өлшеу рәсімінен өтпегені үшін Нилдің 30 пайызын алады,  бұл  – 25 500 доллар. Айыппұл төленбес бұрын америкалықтың кепілдік жарнасы 75 000 АҚШ долларын құрады (плюс $ 10 000 демеушілік бонус). Шавкат Рахмонов пен Джефф Нил арасындағы жекпе-жек 5 наурыз, жексенбі күні таңертең өтті. Parimatch букмекерлік кеңсесінің бұл жекпе-жекке коэффициенттері келесідей: Рахмоновтың жеңісі – 1,15, Нилдің жеңісі – 5,00. Шавкат Рахмонов үшін бұл UFC аясындағы бесінші жекпе-жек болмақ. Шавкат Рахмоновтың қарсыласының сәтсіз салмақ өлшеуіне реакциясы түсірілген видео пайда болды.