Сауд Арабиясында педофил мен кісі өлтіруші өлім жазасына кесілді
Сауд Арабиясында педофил мен кісі өлтіруші өлім жазасына кесілді
1,932
оқылды
Сауд Арабиясында педофил мен кісі өлтіруші өлім жазасына кесілді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі gazeta.ru басылымына сілтеме жасап. Сауд Арабиясының Джидда қаласында 4 наурызда педофил өлім жазасына кесілген. Бұл туралы осы елдің ІІМ хабарлады.
"Омар Әл-Баракат кәмелетке толмаған ұлдарды азғырғаны және ұрлағаны үшін, сондай-ақ  оларға жыныстық зорлық жасағаны үшін сотталды", – деді ведомство өкілі.
Сот оны өлім жазасына кескен. Сонымен қатар  Джидда қауіпсіздік қызметкерін өлтірді деп айыпталған Мұхаммед Файди де осындай жазаға кесілген.