Башар Әл-Асад гуманитарлық көмек үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты
Башар Әл-Асад гуманитарлық көмек үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты
Фото: ТЖМ-нен алынды
592
оқылды
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Cирия президенті Башар Әл-Асад Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысының атына Сирия президентінен жеделхат келіп түсті. Онда Башар Әл-Асад биыл ақпан айында болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты.
– Қиын-қыстау шақта бізге қолдау білдіріп, адамгершілік және ізгілік танытқан Қазақстанның ұстанымын Сирия халқы жоғары бағалайды, – деп жазылған жеделхатта.
Бұған дейін Қазақстан жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жіберген болатын.