Әлем картасындағы қазақ мемлекеті
Әлем картасындағы қазақ мемлекеті
883
оқылды
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Заманауи зерттеулер институтының директоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаровты қабылдады. Кездесуде Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заманауи зерттеулер институтының директоры, саяси ғылымдар докторы, профессор Мұхит-Ардагер Сыдықназаров Президентке өзінің «Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі тарих толқынында. XVІ-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталардағы Қазақ мемлекеті» атты жаңа еңбегі туралы баяндады. Оның айтуынша, 1465 жылы Қазақ хандығы құ­рылған кезден бері мемлекет атауы Батыс елде­рінің озық картографиялық баспаларынан шыққан атлас карталарынан қалыс қалып көрмеген. Олар­дың арасында Америка Құрама Штаттары, Бельгия, Англия, Франция, Италия, Германия және басқа да мемлекеттерде басылған карталар бар. Аталған еңбекте мемлекеттігіміз анық көрсетілген және орта ғасырлардан, яғни 1562 жылдан бастап 1879 жылға дейінгі кезең қамтылған. Барлығы – 130 карта. Ав­тор кітаптың Бельгия баспасынан шығуын бельгия­лық, нидерландық картографтар Қазақ мемлекет­тілігін алғашқылардың бірі болып картаға түсірумен байланыстырады. Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхит-Ардагер Сыдық­на­­заровтың еңбегіне жоғары баға беріп, еліміздің барлық өңірінде және халықаралық іс-шараларда арнайы көрмелер ұйымдастыру қажет екенін айтты.