Жампоз журналистің құрметіне арналған турнир
Жампоз журналистің құрметіне арналған турнир
© фото: Радмир Фахрутдинов
1,321
оқылды
Мереке қарсаңында Астана қаласында­ғы Zodiak бильярд клубында зиялы қауым мен БАҚ қызметкерлері арасында белгілі жур­налист Жолдасбек Дуанабай атындағы бильярд турнирі өтті. Қолына қалам мен микрофон ұстаған журналистер қауымы бұл күні қызметтік құралдарын тас­таяққа алмастырды. Таңертең басталған ойын кешке дейін жалғасты. AIQYN, «Литер» және Turkistan газеттері бірлесе ұйым­дастырған спорттық іс-шараның ережесін ҚР Жоғары ұлттық дәрежедегі төреші Несіп Жүніс­байұлы түсіндірді. бильярд турнирі Турнир алдында бильярд бә­се­кесіне қатысушылар жазушы, қоғам қайраткері Төлен Әбдік пен жазушы, ғалым, тарихшы Қойшығара Салғараұлы арасын­дағы тартысты ойынды тамаша­лады. Кейін жарыс талабына сай жастар жағы мен аға буын өкіл­дері екіге бөлініп, шеберлік бай­қасты. сыйлық Елуден астам қалам­гер мен зиялы қауым өкілі қатысқан спорттық бәсекеде 55 жасқа дейінгілер санатында бас жүлдені белгілі журналист Нұрділдә Ораз, ІІ орынды ақын, драматург Ұларбек Нұрғалым, ІІІ орынды «Хабар» агенттігінің журналисі Ахметәлі Сақ қанжы­ғасына байлады. Ал 55 жастан асқандар арасындағы I орын ЕҰУ Журналистика және сая­саттану факультетінің деканы, ғалым Қайрат Саққа, ІІ және ІІІ орындар журналист Әлім­жан Сабыржанұлы мен ардагер журналист Несіп Жүнісбайға бұйырды. турнир Жекелеген аталымдар сана­тын­да оқ бойы озық шыққан үз­дік ойыншыларға да арнайы жүлделер табысталды. Жолдас­бек Дуанабай атындағы жүлде республикалық «Айқын» газетін басқарған, журналистика жол­бас­шыларының бірі, сенатор Нұртөре Жүсіпке берілсе, Кәрім­бек Құрманәлиевке «Сыйлы ойыншы» аталымы бойынша сый­лық табысталды. Шархан Қазығұл Белгілі қаламгер Шархан Қазығұл турнирдің «Шебер ойыншысы», журналист Қайнар Олжай «Құрметті ойыншысы» атанды. Турнир көрігін қызды­рып, тартысты ойын өрнегін көр­сеткен Серік Жанболат «Бел­сен­ді ойыншы», Арман Сқа­был­ұлы «Сыйлы ойыншы», астана­лық фотограф Ербол Ерденбек «Үздік ойыншы», спорт ком­ментаторы Ермұхамед Мәулен «Сұрмер­ген ойыншы» номи­нациясы бойынша марапат­талды. Жарыс жеңімпаздары ақшалай және бағалы сый­лықтарға ие болды. жарыс Айта кетейік, турнирге бел­гілі меценаттар Бекет Тұрғараев пен Нұралы Қожасов демеушілік жасады. Жүлдегерлерді марапат­тау рәсіміне Ақпарат және қо­ғамдық даму министрлігі Ақпа­рат комитетінің төрағасы Елдос Бигелдіұлы арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Өз кезе­гінде жарысты қорытын­дылаған «Айқын-Литер» ЖШС-ның директоры Ысқақ Егем­бердиев турнирге қатысушыларға алғы­сын білдіріп, алдағы уақытта Жол­дасбек Дуанабай атындағы турнирді жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастыруды қолға алатынын жеткізді. Ол сондай-ақ бұл турнир қазақ ру­ха­ниятына еңбегі сіңген, ақпарат айдынында өзіндік қолтаң­ба­сымен дара­ланған ардақты ағаларымыз бен журналистика саласындағы орта және қазіргі жас буын арасында өзара шы­ғармашылық үндестікті бекемдеу үшін осындай іс-ша­раларды жиі өткізу керегін ерек­ше атап өтті. Жолдасбек Дуанабай атындағы бильярд турнирі «Алдағы уақытта қазақ басы­лымдарына елеулі еңбек сіңірген белгілі журналист, Б.Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты, мәдениет қайраткері Жолдасбек Дуанабай атындағы бильярд турнирін дәстүрлі өткізуді жос­парлап отырмыз. Келесі жылы серіктестікке қарасты Turkistan газетінің жарыққа шыққанына 30 жыл, ал AIQYN, «Литер» га­зет­терінің шыға бастағанына 20 жыл толады. Мерейлі даталарға орай түрлі іс-шаралар өткізу жоспарда бар», – деді Ысқақ Егембердиев. Жампоз журналист Жолдас­бек Дуанабай еңбек еткен ұжым­ның белгілі журналиске арнап айтулы турнир өткізгенін көп­ші­лік жылы қабылдап, риза­шылық­тарын білдіріп, бильярд бәсекесінен жақсы әсермен, ке­ре­мет көңіл-күймен тарқасты.

Абылайхан ЖҰМАШ, 

Радмир ФАХРУТДИНОВ (фото)