Атырау облысында жолаушылары бар көлік су астына түсіп кетті
Атырау облысында жолаушылары бар көлік су астына түсіп кетті
5,241
оқылды
Атырау облысында жеңіл көлік еріген қар суы басқан жолдан түсіп кеткен. Көліктегі жолаушылар зардап шекпеген. Бүгін WhatsApp мессенджері мен әлеуметтік желіде «Миялы-Сағыз» аралығындағы жолды су басқаны туралы видео тарады.
«Бүгін, 7 наурыз күні жергілікті уақытпен сағат 06.30 шамасында Қызылқоға ауданындағы Жангелдин ауылынан шыққан такси жүргізушісі көлігімен Соркөл ауылының тұсында жолдан шығып, жиектегі суға түсіп кеткен. Оған көлікті қатты жылдамдықпен жүргізіп, басқару жүйесін игере алмағаны себеп болған. Көліктегі жолаушылар зардап шекпеген. Жолаушылар Соркөл, Сағыз ауылдарына жеткізілді», деп мәлім етті облыс әкімінің баспасөз қызметінен.