ЖСДП үміткерлері жемқорлыққа қарсы күрес жолдарын талқылады
ЖСДП үміткерлері жемқорлыққа қарсы күрес жолдарын талқылады
Фото ЖСДП-ның Фейсбуктегі ресми аккаунтынан алынды
661
оқылды
Бүгін Көкшетауда ЖСДП-дан Мәжіліс депутаттығына бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша үміткер Валерий Смоквин мен облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Жанғали Ілияс «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамының еңбек ұжымымен кездесті. Кездесуде үміткерлер сайлаушыларды социал-демократтардың сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, олардың сұрақтарына жауаптар берді.
Кездесуде сайлаушылар ЖСДП-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу жолдарына қатысты ұсыныстарын тыңдап, өздерінің қызығушылықтарын білдірді.
Социал-демократтардың аймақтардағы үгіт-насихаттары Ақтөбе мен Жетісу облыстарында да жүргізілді. Партия тізімі бойынша Мәжіліс депутаттығынан үміткер Мирамбек Камалов үгіт-насихат пойызымен Қодба ауданына сапармен барып, жергілікті сайлаушылармен кездессе, жетісулық үміткер Наурыз Саятұлы мен облыстық мәслихат депутаттығына бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша үміткер Болат Жамбылұлы Текелі қаласының тұрғындарымен кездесіп, халықты ЖСДП-ға дауыс беруге үгіттеді.