ҚазҰУ-де 6 университеттің оқытушылары мен студенттері бас қосты
ҚазҰУ-де 6 университеттің оқытушылары мен студенттері бас қосты
384
оқылды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де еліміздегі алты жоғары оқу орнының оқытушылары мен студенттері арасында «Климаттың өзгеруі және онымен күресу» атты іс-шарасы өтті. Жиынды университеттің филология факультеті, шетел тілдері кафедрасының оқытушылары Қыдырбаева Г.Б., Әбдіжаппар А.А., Махарова Г.С., Саякова Б.М. ұйымдастырды. Астана IT университеті, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және Алматы технологиялық университетінің ұстаздары мен студенттері «Қазақстандағы тұрақты даму мақсаттары» тақырыбымен өткен жиынды ағылшын тілінде өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты – ортақ мүдделері бар студенттерді біріктіру және белгілі бір тақырыпқа қатысты мәселелер мен идеяларды талқылау. Сондай-ақ білім мен нәтижелі білім алуға ынталандыру мақсаты тұрды. Басқосу студенттердің жеке және зияткерлік әлеуетін дамытуға мүмкіндік бере отырып, студенттерге ағылшын тілінде шығармашылық және сенімді сөйлеу дағдыларын, шығармашылық шабыт пен ойлау қабілеттерін дамытуға жол ашты. ҚазҰУ Кешті филология кафедрасының мұғалімі Әбдіжаппар А.Ә. ашып, студенттерге сәттілік тіледі. Марапаттау рәсімін «Шет тілдер» кафедрасының оқытушысы Қыдырбаева Г. Б., жүргізіп, студенттерге ризашылығын білдіріп, өнерлерін ары қарай шыңдай берулеріне ізгі ниетін білдірді. Өнерлерімен ерекше көзге түскен студенттерге арнайы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің атынан мақтау қағаздары мен сертификаттары табысталды. Кеш соңында студенттер мен мұғалімдер бірігіп құлақ құрышын қандырар әуезді ән шырқап, жақсы көңіл күймен тарады.