Атырауда ЖСДП-ның үгіт-насихат жұмыстары жалғасты
Атырауда ЖСДП-ның үгіт-насихат жұмыстары жалғасты
Фото ЖСДП-ның Фейсбуктегі ресми аккаунтынан алынды
565
оқылды
Бүгін ЖСДП-дан Мәжіліс депутаттығына бір мандатты  аумақтық округ бойынша үміткер Нұрайнаш Камалова «Атырау Нефтемаш» компаниясының ұжымымен кездесіп, алдағы сайлауда социал-демократтарға дауыс беруге үгіттеді.
Депутаттыққа үміткер сайлаушыларды партияның бағдарламасымен таныстырды. Социал-демократтардың халықтың тұрмысын жақсартуға арналған саяси-экономикалық бағдарламасы туралы айтып, несие мөлшерлемесін төмендету қажеттілігін атап көрсетті. Кездесу барысында үміткер Нұрайнаш Камалова  «Атырау Нефтемаш» компаниясы ұжымының сұрақтарына жауап берді.