«AMANAT» сайлауалды штабы Алматы қаласындағы сайлаушылармен кездесті
«AMANAT» сайлауалды штабы Алматы қаласындағы сайлаушылармен кездесті
519
оқылды

«AMANAT» партиясының республикалық сайлауалды штабы Алматыда қала тұрғындарымен, ғалымдармен және жастармен бірқатар кездесу өткізді.  

Ғылым Академиясында өткен кездесуде сайлауалды бағдарламаның ғалымдарды қолдауға және озық технологияларды трансферттеуге арналған бөлімі талқыланды.

Amanat

«Ғылым экономика мен өндірістен оқшауланбауы керек. Ғылыми ұйымдардың жұмысын экономиканың басым салаларымен байланыстыру өте маңызды. Ғылыми нәтижелерді қазақстандық бизнес коммерцияландыруға тиіс. Өңірлерде үлкен ғылыми әлеует бар. Ғалымдар бірегей қолданбалы шешімдер ойлап тауып жатыр. Солай бола тұра, жергілікті өндірушілер шетелдік әзірлемелер мен технологияларды пайдалануда», – деді партия Төрағасы Ерлан Қошанов.

Amanat

Бұдан соң, спорт кешенінің алаңында штаб мүшелері Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, инженерлік коммуникацияларды жаңарту, тұрғын үймен қамтамасыз ету шараларын талқылады.

Amanat

Осы күні аманаттықтар алматылық жастарымен өзекті мәселелерді талқылады. Іс-шараға 300-ден астам жас азамат қатысты. Штаб мүшелері студенттер үшін ең өзекті мәселенің бірі – жатақханалардағы орын тапшылығы мәселесін шешуді талқылады.