Бүгін Мәжіліс депутаттығына ЖСДП тізімі бойынша үміткер Виктор Калгин еліміздің шығысында «үгіт-насихат пойызы» шарасының аясында Шемонаиха қаласында кездесулер өткізді. Қазақстанның барлық аймақтарында басталған социал-демократтардың үгіт-насихат пойызының басты мақсаты – партияның сайлауалды бағдарламасымен жұртшылықты таныстыру.
Кездесуде Виктор Калгин партияның бағдарламасының басты ұстанымдарын атады: саяси реформалар бағытын күшейту;халықтық парламенттік бақылау – жемқорлықтың басты тосқауылы;олигархтарды әшкерелеу;қазақстандықтардың әл-ауқаты деңгейін арттыру;баршаға қолжетімді әлеуметтік қолдау;мықты ауыл – ел қауіпсіздігінің негізі.
Дәл осындай кездесулер партия тізімі бойынша үміткер Берік Жағыпаров пен Жеңіскүл Дүзбаеваның қатысуымен Ұлытау облысы сайлаушыларымен де болды.
Депутаттыққа үміткерлер өз сайлаушыларын партияның бағдарламасының басты бағыттарымен таныстырды. Кездесуге қатысушылармен несие мөлшерлемесін төмендету, салықты азайту және зейнетақы жасын төмендету мәселелері талқыланды, сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді.