Қазақстандық Милад Карими Бакуде спорттық гимнастикадан өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медальді жеңіп алды, – деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.
Гимнаст еркін жаттығулардың финалында үздік нәтиже көрсетіп, 14.200 ұпай жинады.
Екінші орынды украиналық Илья Ковтун алды. Райли Луус (АҚШ) үшінші орынға табан тіреді.