Ақмола облысының Бірлік ауылдық округіне қарасты үш елді мекеннің атауы өзгеруі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған өңір әкімдігі мен мәслихаттың бірлескен шешімінде жазылған, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ақмола облысының әкімдігі мен облыстық мәслихат Бірлік ауылдық округіне қарасты Красная Поляна ауылын – Бірлік, Арбузинка ауылын – Ақкент, Петриковка ауылын Тұмар ауылы деп атау туралы шешім шығарды», – делінген талқылауға шығарылған құжатта.Қоса кетсек, былтыр Ақмола облысына қарасты Аршалы ауданындағы 2 ауыл мен 1 ауылдық округтің және Бурабай ауданына енетін Красный кордон ауылының атауы өзгерген еді. Жалпы, өткен жылы бұл өңірде 11 елді мекен мен 90 көшеге қазақша атау берілді.