Логистикалық байланысты арттыру – бүгінгі талап
Логистикалық байланысты арттыру – бүгінгі талап
349
оқылды
Елдің экономикалық дамуы үшін өңірлер байланысының берік болғаны маңызды. Ал, бұл жұмыстар дұрыс жүргізілуі үшін автомобиль жолдарымен қатар, теміржолдардың да сапалы, заманауи болғаны жөн. Логистикалық жүйенің артуы халықаралық байланыстарға жол ашып, ел дамуына серпін береді. Осы бағыттағы бастамалар AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасында кең көрініс тапқан. Партия атынан алдағы саяси науқанда бағын сынайтын атыраулық кандидаттар Амангелді Абдолов пен Арман Баженов бүгін «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ Атырау магистральдық желі бөлімшесіне барып, еңбек ұжымымен кездесуде осы тақырыптарды кеңінен қозғады. AMANAT партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы қоғамның 10 сұранысына негізделген партия атқаратын 10 міндетті айқындап отыр. Олардың қатарында қуатты әрі өзін-өзі қамтамасыз ететін экономиканы қалыптастыру қағидаттары айқындалған. Қазақстан жерінде өндірілетін шикізаттың Қазақстан жерінде өңделуіне, қазақстандық тауар өндірісінде пайдаланылуына партия мүдделі. «Отандастарымыз «Қазақстанда жасалған» таңбасы бар тауарлардың жоғары сапасы мен халықаралық деңгейде танымалдылығы үшін мақтанатын болады». Бағдарламада айқындалған партияның ұстанымы осындай. Ал, бұл мақсатқа жету үшін нақты жұмыстарды саралап, жүзеге асатын уақыты айқындалуымен де бағдарламаның мәні арта түседі. Жол сапасын жақсарту – кездесу барысында кең талданған тақырып. Жолдардың сапасына қатысты азаматтардан әділ сын жиі айтылатыны жасырын емес. Сапалы жол – азаматтар қауіпсіздігінің кепілі, экономика мен сауданы дамытудың маңызды шарты. Осы ретте AMANAT партиясының Атырау облыстық сайлауалды бағдарламасында 2023-2027 жылдар аралығында 440 шақырымнан астам автомобиль жолдарын сапалы жөндеуге қол жеткізу көзделуде.

Тапсырыс беруші: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы AMANAT партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді