Қостанайда үйінен кетіп қалған жасөспірім табылды
Қостанайда үйінен кетіп қалған жасөспірім табылды
382
оқылды
Қостанайда полиция кеше ата-анасымен жанжалдан кейін үйден кетіп қалған жасөспірімді іздеп тапты. polisia.kz-тің хабарлауынша, оқушысының анасы полицияға арызданып, баласының жоғалғанын айтқан.
«Іздеуге полицияның барлық жасақтары мен еріктілер бағытталды.Бүгін кешке ер бала азық-түлік дүкенінің жанынан табылды. Қазір тәртіп сақшылары оның қай жерде болғанын анықтап жатыр», - делінген хабарламада.
Оқушыны іздеуге психологтар мен ювеналды полиция қызметкерлері де тартылған.