Батыс Қазақстанда су тасқыны: Қоржын ауылынан 16 адамды тікұшақпен эвакуациялады (видео)
Батыс Қазақстанда су тасқыны: Қоржын ауылынан 16 адамды тікұшақпен эвакуациялады (видео)
Фото: ТЖМ-нен алынды
564
оқылды
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қоржын ауылынан 16 адам, оның ішінде 6 бала және 2 жүкті әйелді тікұшақпен қауіпсіз жерге эвакуациялады. Бұл туралы Aikyn.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 13 наурызда Батыс Қазақстан облысы бойынша су тасқыны жағдайын ТЖМ Қазавиақұтқару Ми-8 тікұшағымен әуеден барлау кезінде Қоржын кентінің маңында «Қаратөбе кенті-Қоржын кенті» автомобиль жолы арқылы еріген қар суы тасып жатқаны анықталды. Құтқарушылар мен жүзу құралдарын елді мекенге тікұшақпен жеткізу туралы шешім қабылданды.   Осы кенттің 16 тұрғыны Қаратөбе кентінен аудан орталығына жеткізілді. Әуеден барлау жұмысы жоспар бойынша сәтті өтті. Адамдар туыстарының үйіне орналастырылды. Қазір  Қоржын кенті көлік қатынасынсыз қалды. Тұрғын үйлерді су басқан жоқ, азық-түліктер мен дәрі-дәрмектер бар. Жасыбай өзеніндегі су өз арнасымен ағып жатыр.