Қостанайда ер адам көрші әйелді баласымен бірге өртеп жіберген
Қостанайда ер адам көрші әйелді баласымен бірге өртеп жіберген
Фото: refinery29.com
581
оқылды
Қостанай облысында көршісін баласымен бірге өртеп жіберген ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Сотта психикалық ауытқуы бары анықталған 45 жастағы азамат енді мәбжүрлі түрде емделуі тиіс. Бұл туралы Aikyn.kz "КТК"  арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Оқиға бір жыл бұрын Рудныйда болған. Ауылдасымен бас араздығы бар жергілікті тұрғын көрші әйелді баласымен қоса өртеп жіберді. Ауласына келіп, екеуінің үстіне керосин шашып, артынша от қойған. Ең сұмдығы, олар далаға шығып кетпесін деп, өзі сыртқы есікті бергі беттен жауып тұрыпты. Жан ұшыра айқайлаған дауысын көршілері естіп, араша түскен. Төрт жастағы баланың денесін 50 пайызға күйік шалса, анасының қолының терісі күлдіреп кеткен. Абырой болғанда екеуі де аман. Ал оларға қастандық жасаған сотталушы түрмеге емес, аурухана кетті. Судья Алтынай Сағындықова: «Айыпталушы қылмыс жасар кезінде өзіне есеп бере алмайтын жағдайда болған. Сот-психиатриялық тексеру қорытындысы соны көрсетіп отыр. Оның бойында ауытқуы бұрыннан болған. Енді ол мәжбүрлі түрде емделеді. Жәбірленуші тарапқа 2,5 миллион моральдық шығын төлеу жүктелді», – деді.