«Туыстарының үйін паналап отыр» – БҚО мен Ақтөбеде су тасқынынан 240 адамды эвакуациялады

«Туыстарының үйін паналап отыр» – БҚО мен Ақтөбеде су тасқынынан 240 адамды эвакуациялады

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қар күрт еріп, су тасып жатқан Батыс өңірлердегі ахуал тұрақсыз екенін айтты.

«Қазіргі кезде Батыс Қазақстан және Ақтөбе облысында ахуал  нашар. Ұзын-саны 51 үй су астында қалды. 45-і – Батыс Қазақстанда, 6 – Ақтөбе облысында орналасқан. Құтқарушылар 240 адамды эвакуациялады. Оның ішінде, 20-дан астам адамды уақытша эвакуация пунктіне орналастырды. Қалғаны туыс-туғандарының үйін паналап отыр», – деді министр Юрий Ильин.
Бұған дейін Батыс Қазақстанда 16 адамды тікұшақпен эвакуациялаған еді.