Шалғай ауылдарды аралады
Шалғай ауылдарды аралады
303
оқылды
Nur Otan партиясы Төра­ғасының Бірінші орын­ба­сары Бауыржан Байбек бір­неше күн ішінде Түркістан облысының Созақ, Оты­рар және Жетісай ауданда­ры­ның шалғай ауыл тұрғында­ры­мен кездесті. Жетісай ауданында Бауыржан Байбек Абай ауылының тұрғын­дарымен жүздесіп, олар үшін аса өзекті болып отырған егіс ал­қап­тарын суару мәселесінің мән-жайына қанықты. Мұнда бірнеше жылдан бері 2 600-ден астам шаруа қожалығы пайдаланатын К-30 суару кана­лын қайта қалпына келтіру аяқ­талмай келеді. «Тұрғындар айтқандай, ка­налды бетондау жұмыстары мер­зімінен кешіктіріліп, көбі­несе сапасыз жүргізіледі. Атал­ған мәселе орталық және жергі­лікті атқарушы органдар жұмы­сын үйлестіруді қажет етеді. Шаруа қожалықтарының бас­шы­лары­мен бірге мақта индустрия­сын дамытуға мемлекеттік қар­жы­лай көмек көрсету мәселесін де көтердік. Бұл мәселелерді елор­­дада пар­тиялық алаңда пар­­­тия мүшелері – Ауыл ша­руашы­­лы­ғы және Табиғи ресурс­тар ми­нистрлерінің қатысуы­мен егжей-тегжейлі талқы­лау­ды жос­парлап отырмыз. Қоры­тын­ды­сын тұрғындарға қосым­ша хабар­лаймыз» деп жазды Бауыр­жан Байбек өзінің Instagram парақ­ша­сында. Бұдан кейін партия Төра­ғасының Бірінші орынбасары Отырар ауданының Шәуілдір ауылына ат басын тіреді. Мұнда бұрын 300-ден астам отбасы жылу мәселесіне байланысты Nur Otan-ға хабарласқан бо­латын.  width= «Елбасының бастамасымен қолға алынған «Ауыл – ел бесігі» жобасының аясында бүгінде еліміздің шалғай аудандарының түйткілді мәселелерін шешу бо­йын­­ша партия жүйелі шара­лар әзір­­леуде. Облыс әкімінің ай­туын­ша, жақын арада бюд­жетті нақ­тылау кезінде жылу жүйе­­лерін салу үшін 700 млн теңге­­ден астам қаржы бөлінеді. Қазандық­тың құрылысына қара­жат бө­лінген. Ауыл тұрғындары көтер­ген мәселені шешу Nur Otan пар­тия­сының бақылауына алынды» деп атап өтті Бауыржан Байбек. Түркістан облысына жұмыс сапары барысында билеуші пар­тия басшылығы Жетісай қала­сын­дағы 1964 жылы са­лын­ған апат­ты жағдайдағы ем­хананың ор­нына жаңадан бой көтерген қа­лалық емхананың ғимараты­мен танысты. Тиісті меди­ци­на­лық жабдықтардың толық жеткізілмеуінен бұл нысан бір­неше айдан бері пайдалануға берілмей келеді. Жергілікті билік бұл мәселені таяу арада шешеміз деп сөз берді. Сол күні Бауыржан Байбек Қазыбек ауылына да барып, об­лыс­тағы ізгі жүректі кә­сіп­кер­лер­дің көмегімен бас­панаға қол жет­кізген отбасы­лар­мен кездесті.  width= «Бақытты отбасы» партиялық жобасының аясында облыста қиын жағдайға тап болған от­басыларға қолдау көрсетуге ба­ғыт­­талған «Қам­­қорлық» қа­йы­рым­­­­­дылық бағдар­­ламасы та­­быс­­ты жүзеге асы­рылуда. «Жетісай ауданында әлеу­меттік қолдауды қажет ететін 141 отбасы тіркелген. Өңір бас­шылығының бастамасымен олардың әрбіріне Nur Otan-ның мүшелері мен жақ­тастары арасынан кураторлар бекітілді. 86 от­басыға материал­дық кө­­мек көр­­сетілді. Демеу­ші­лік қара­­жаттың есе­бінен 10 мұқтаж отба­­сыға үй салы­нып жатыр. Менің ойым­ша, бұл – даңқты ба­­бамыз, ұлы фило­соф, ой­шыл әл-Фараби тұ­жы­рым­даған ізгі және қайы­рым­ды қоғамның нақ­­ты мысалы. Ын­ты­мақ­тас­тық, әділдік, өзара сенім және жауап­­­кер­­шілік, әлсіздерді қуатты, жағдайы жоқты ауқатты адам­­дар­дың қолдауы – Nur Otan пар­тиясы ұстанатын өз­гер­мес басты құндылықтар» деп атап өтті Бауыржан Байбек.   Ерке ЕРҚОҢЫР