Социал-демократтардың үгіт-насихаты қарқын алды
Социал-демократтардың үгіт-насихаты қарқын алды
Фото ЖСДП-ның Фейсбуктегі ресми аккаунтынан алынды
ЖСДП атынан Мәжіліс депутаттығына бір мандаттық аумақтық округ бойынша үміткер Нұрайнаш Камалова КазТрансОйл ұжымымен кездесті. Депутаттыққа үміткер жиналған қауымды партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарымен таныстырды.
Атырау облысының сайлаушылар жер қойнауын пайдаланушылардың қызметін реттеу мен экологиялық мәселелерді шешуге қатысты социал-демократтардың саяси ұстанымдарымен танысты.
ЖСДП атынан Мәжілісінің депутаттығына тағы бір үміткер Дамир Жақанов «Фармаком «ИМПЭКС» фирмасының қызметкерлерімен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.
Салық жүйесін жетілдіру қажеттігін айтқан үміткер Дамир Жақанов партияның қызметі мен жоспарларын баяндап, сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді.
Парламент Мәжілісіне үміткер ретінде партия тізімі бойынша тіркелген Мирамбек Камалов та «Aqtobe su-energy group» акционерлік қоғамының жұмысшыларымен кездесу өткізді. Ал ЖСДП-ның тізімі бойынша үміткер Ирина Әлімжанова Шымкент қаласына барып, жергілікті сайлаушылармен кездесті, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.