Биыл 3 наурыздан бастап азаматтардан банкроттық рәсімдерді қолдану туралы арыздарды қабылдау басталды. Бүгінгі күні 18 мыңнан астам арыз келіп түсті. Арызды негізінде е-Gov (94%) және e-Salyq Azamat (6%) мобильді қосымшасы арқылы жолдады. Бұл туралы Aikyn.kz Қаржы министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңының талаптарына сәйкес, мемлекеттік кірістер органдары 15 жұмыс күн ішінде азаматтың келесі шарттарға сәйкес келуін тексереді:
- борыш банк, микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктер алдында 5,5 млн теңгеден (1600 АЕК) аспауы;
- борыштың өтелмеу мерзімі он екі айдан асуы;
- некеде бірге алынған мүлікті қоса алғанда, меншік құқығында мүліктің болмауы (көлік, үй, жер телімі, банктегі депозит және т.б.);
- банкпен, МҚҰ борыштар бойынша реттеу рәсімін жүргізілуі.
- мүліктің болуы, заңды тұлғаларда қатысуы туралы – әділет органдарына (ХҚКО, «электрондық үкімет» порталы арқылы);
- жер телімі, ауыл шаруашылығы жануарлары және арнайы техника бойынша – Ауыл шаруашылығы басқармасы (жергілікті әкімшілікке);
- автокөлік құралдары бойынша – Ішкі істер басқармасына, Мамандандырылған ХҚКО;
- жеке кәсіптің болуы бойынша – Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына;
- кредит сомасы, қайтару мерзімдері бойынша – тиісті банкке, МҚҰ-ға немесе коллекторлық агенттіктерге. Егер банк не МҚҰ немесе коллекторлық агенттіктері тиісті құжат бермесе аймақтық Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бөліміне жүгінуге болады.