Тұрғындар қаржы пирамидаларының әлеуметтік желідегі парақшасынан жаппай бас тартып жатыр
Тұрғындар қаржы пирамидаларының әлеуметтік желідегі парақшасынан жаппай бас тартып жатыр
Фото: kislovodsk-kurort.org
501
оқылды
Бүгінде қаржы пирамидаларының әлеуметтік желідегі жарнамасына қарсылық көбейген. Былтыр 6 мыңға жуық сілтеме бұғатталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. ІТ құралдары интернетте заңсыз мазмұнды іздеу үшін қолданылады. Қаржы пирамидаларының сайты мен аккаунтынан «Киберқадағалау» жүйесінде бұғаттау үшін Ақпарат министрлігіне жіберіледі. Өткен жылы 6 мыңға жуық сілтеме бұғатталды. Жыл басынан бері интернет ресурстарын тексеру үшін Telegram-да «Baiqa, piramida!» боты іске қосылды. Бұл азаматтарға веб-сайттар мен әлеуметтік желілерде қаржылық пирамидалардың белгілерін өз бетінше тексеруге мүмкіндік береді. Қысқа мерзімде азаматтардан 2,1 мыңнан астам өтініш түскен. Бұл жұмысты ведомство «Kompra» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Қаржы пирамидасы белгілері бар аккаунт жазылушыларын анықтауға мүмкіндік беретін аналитикалық жүйе енгізілді. Бұл аудиториямен ақпараттық түсіндіру жұмысын мақсатты түрде жүргізуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, 3 айда 23 мың азаматқа ескерту хабарламасы жіберілді. Оның 90 пайызы (21 мың) күдікті аккаунттардан бас тартты.