Әнші Мәдина Ералиеваның мәйітіне сараптама жасаған дәрігер құпияның бетін ашты
Әнші Мәдина Ералиеваның мәйітіне сараптама жасаған дәрігер құпияның бетін ашты
© elana.kz
58,866
оқылды
Мәдина Ералиева ақтық демі таусылар сәтте жанында болған адамдарға «қарарсыңдар» деп соңғы сөзін айтқан. Сол соңғы сөзі нені аңғартуы мүмкін екендігі көпшілікті толғандырған. Ақыры әнші жалғыз ұлы Әрсенді табыстаған болар деген байламға келген, – деп хабарлады KAZAKH TV арнасы.  Ал жол апатының салдарынан мерт болған Мәдина Ералиеваның денесіне сараптама жасаған дәрігер Мағауия Бөкешов 18 жылдан кейін іште сақтап келген құпиясының шетін ашты.
«Жұмыс барысында мамандығым патологанатом болғандықтан, жансыз Мәдинаның мәйітіне медициналық сараптама жасадым да, қорытындысын жазған едім», – дейді Байқоңыр сот-сараптама орталығының жетекшісі Мағауия Бөкешов.
Айтуынша, ол күнделікті қайтыс болған қаншама адамға сараптама жасап жүрсе де, әншінің мәйітін тексеру барысында таңғалған.
«Сараптама кезінде Мәдинаның қос өкпесі өзге ағзалардан кішкентай ғана екенін көріп таңғалдым. Әр адамның анатомиясы әртүрлі болатыны белгілі ғой. Менің дәрігер ретінде айтарым, әдетте әншілердің өкпесінің шағын немесе үлкен болуы ән айтқанына байланысты болмайды. Бұл ауыз қуысындағы дыбыс шығару жолдарына қатысты. Сараптама қорытындысына «көлік жарақаты» деп қорытынды жаздым. Бұл жайт маған да оңай тимеді. Мәдинаны кім танымайды дейсің?! Туыстары мәйітін алып бара жатқанда іштей «иманды болсын» деп көз жасымды сығып қала бердім», – дейді дәрігер Мағауия Бөкешов.