«Сергек» салған заңсыз айыппұл
«Сергек» салған заңсыз айыппұл
287
оқылды
Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасына жолау­шылар тасымалымен айналысатын кәсіпкерлерден ұжымдық өтініш келіп түскен. 7 кәсіпкер өздеріне 160 мың теңгеден астам сомаға 21 ұйғарым жолданғанын айтып шағымданған. Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап автотасымалдаушылардың атына қоғамдық көлікке арналған жолдарда жүргені үшін айыппұл келе бастайды. Негізі, барлық кәсіпкерлердің жолаушыларды тұрақты емес тасымалдауға лицензиялары бар. Тасымалдаушылар ұсынылған талап­тармен келіспеді. Алайда олар есеп айы­рысу шоттарын жа­будан қорқып, айыппұл төлеуге мәжбүр болған. Дегенмен кәсіп­керлер мәселені жабулы қазан жабулы күйінде қалдырмай, уә­кілетті мемлекеттік органдарға көмек сұрап жүгінген, бірақ еш нәтиже болмаған. Сонымен қатар кәсіп­керлер әкімшілік полиция бөліміне сұрау жіберген, жібе­ріл­ген мекемеден екі жауап алынды. Алғашқы жауапта «тыйым са­лынған көлік құралдарына ар­налған жолдарда қозғалыс бол­майды және осы жолда басқа көлік құралдарының тоқтауына бол­майды» және «қоғамдық жол­да жү­руге рұқсаттар мен құжаттар беру заңда көзделмеген» делінген. Кейіннен «Қоғамдық көліктерден басқа, жол қозғалысына тыйым са­лынған жолдарда көлік қозға­лысы жасалынбайды және басқа көліктер осы жолда жүрмейді» де­ген тағы бір жауап келеді. Со­нымен бірге Алматы қаласының әкімшілік полиция басқармасы қоғамдық көлікті «жолаушылар мен багажды, таксилерді тұрақты және жүйесіз автомобиль көлі­гі­мен жүзеге асы­ратын қоғамдық кө­лік» деп са­найды. Нәтижесінде, екі қарама-қай­шылықты жауап пай­да болды. Тасымалдаушы ав­то­бус­тың нө­мірлері базаға ен­гізіл­меген және айыппұлдар жо­йылған жоқ. Палата сарапшылары мәселені зер­делей отырып, Алматы қаласы әкімшілік полиция басқар­масы­ның ұсынған түсі­ніктемелері мен келіп түскен нұсқама­ларды заң­сыз, негізсіз, бизнеске әкім­шілік қы­сым және әкімшілік тосқауыл деп санайды. Мәселе өткен жылдың 19 жел­тоқса­нында уәкілетті мемлекеттік органдардың қаты­суымен өткен Алматы қаласы Кәсіпкер­лердің құқықтарын қорғау және сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті оты­рысының күн тәртібіне енгізілді. Нәтижесінде, мәселені шешу үшін ұсыныс қабылдау керегі ту­ралы резолюция қабылданды. Еліміздің Бас прокуратурасы мен «Ата­мекен» ұлттық кәсіпкер­лер палатасы арасындағы 2020 жылға арналған ынты­мақтастықты жүзеге асыру жөніндегі Жол кар­тасын басшылыққа ала отырып және кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысы хаттамасының шешімін орындау мақсатында, палата Алматы қаласының про­куратурасына уәкілетті мемле­кеттік органдардың іс-әрекеттерін жан-жақты зерделеу бойынша жұмыс жүргізу және жауапты тұлғаларға қатысты шаралар қа­былдау туралы өтінішхат жолдады. Прокуратура Алматы қаласы­ның ма­мандандырылған аудана­ралық әкімшілік сотының атына осы айыппұлды төлеген жеке кә­сіпкер Дмитрий Маремуха мүд­десіне наразылық білдірген. Сот проку­рордың наразылығын толық қанағат­тандырды және қылмыс құрамының бол­мауына байла­нысты кәсіпкерге қа­тысты әкім­шілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Ішкі істер министрлігі Әкім­шілік по­лиция комитеті «Атаме­кен» ҰКП сауалына жауап ретінде: «егер тасымалдаушы авто­мобиль көлігі саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес кел­се, ол маршруттық көлік құ­рал­дарына арналған жолақпен қоз­ғалысты жүзеге асыруға құқылы» деп хабарлады. Нәтижесінде, автотасымал­даушыларға қатысты айыппұлдар жойылады және оларға қоғамдық көлік үшін жолдарды пайдалануға рұқсат етіледі.    width=Гүлнар ТӘЖИЕВА