Бүгін Алматыда социал-демократиялық партияның Мәжіліс депутаттығына партия тізімі бойынша үміткерлер Айдар Алибаев, Ирина Әлімжанова және Тазабек Сәмбетбай «Карина» фирмасының еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесуде үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарымен таныстырып, сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді. Бұл кездесуде талқыланған басты мәселе жұмыссыздық деңгейі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының жағдайы болды.
Ал Шымкентте ЖСДП-ның партиялық тізім бойынша Мәжіліс депутаттығына үміткер Нұртай Қожаханов та «Interoil&Services Kazahstan» компаниясының еңбек ұжымымен сайлауалды кездесу өткізді. Үміткер жұмыскерлерді партияның сайлауалды бағдарламасымен, басты саяси-экономикалық және әлеуметтік бағдарларымен таныстырды. Сайлаушылардың қойған сұрақтарына үміткер жауап берді.