Мысырда мерейіміз үстем болды
Мысырда мерейіміз үстем болды
542
оқылды
Мысырдың Александрия қаласында парадзюдодан Гран-При сериясы жарысы өтті. Айтулы бәсекеге 30 елден 160 спортшы қатысты. Отандастарымыз алты жүлдеге ие болды. Ерлер арасындағы бәсекеде Олжас Оразалыұлы (-73 келі, J2) мен Ерлан Өтепов (+90 келі, J1) күміс ме­даль алса, Ерғали Шамей (-73 келі, J1), Жанбота Аманжол (-90 келі, J2) мен Ерлан Қоңқиев (+90 келі, J2) қола жүлде жеңіп алды. Ал әйелдер арасындағы жарыста Даяна Федосова (-57 келі, J2) күміс медаль жеңіп алды.

Айбике ЖАНАСЫЛ