Алматы облысында үшем дүниеге келді
Алматы облысында үшем дүниеге келді
Фото: ДСМ-нен алынды
919
оқылды
Алматы облысы Қарасай ауданаралық көпбейінді ауруханасында үшем дүниеге келді. Бұл туралы Aikyn.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.   Екі ұл мен бір қызды дүниеге әкелген Ақмарал Айдар 29 жасында көпбалалы ана атанды. Ақмаралды үйінде тағы үш баласы бар, үлкен ұлы 8 жаста. Үшемнің үлкені Қаракөздің салмағы – 2 460 гр, Садықтың салмағы – 2 100 гр, Сыдықтың салмағы – 1 820 гр. Аурухана директорының орынбасары Индира Кабаева әйелдің жүктілік кезінде қатаң бақылауда болғанын айтты. «Үшемдер жүктіліктің 36-аптасында дүниеге келді. Үшемнің жүктілігі әрқашан ана мен сәбилер үшін қауіп басым. Сондықтан әйел үнемі бақылауда болды. Үшем кесарь тілігі арқылы дүниеге келді. Бүгінде  олардың денсаулығы жақсы, жағдайы тұрақты», – деді Индира Кабаева. Бұған дейін жүрегі тоқтап қалған сәбиді аман алып қалған дәрігер туралы жазған болатынбыз.