«Самұрық-Қазына»: Есеп комитетінің мәлімдемесі шындыққа жанаспайды
«Самұрық-Қазына»: Есеп комитетінің мәлімдемесі шындыққа жанаспайды
5,343
оқылды
Жуырда бұқаралық ақ­парат құралдарында Есеп комитетінің ұлттық хол­дингтерде жүргізген тек­серу қорытындысы туралы  материалдар жарық көрді. Есеп комитеті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ау­қат қорының қызметін тұ­рақ­ты тексереді. Бұған дейін де 2016, 2017 және 2019 жылдары тексеру жүр­гізілген. Мысалы, был­тыр басталған тексеріс жал­ғасып жатыр. Бұл қалыпты жағ­дай. Қор  тексеру нә­тижесіне қатысты мә­лі­м­деме шындыққа жа­нас­пай­ды деп санайды. Есеп комитеті төрағасының ұлттық холдингтер жұмысының тиім­ділігі туралы баяндамасында квазимемлекеттік сектордың кейбір компанияларын тара­ту­ға қатысты әңгіме қозғалған бо­латын. Ал Қордың мәлім­деуін­ше, 2015 жылдың жел­тоқ­­санында Қазақстан Үкіметі Жекешелендірудің ке­шенді жоспарын бекітті. Қордың осы жоспарға енген 167 ком­пания­сының 141-і бә­секелестік ортаға шығарылды немесе тара­тыл­ды. Қалған 26-ның 23-і бойын­ша биыл жекешелендіру жұ­мыстары жүргізіледі, қал­ған 3-еуі алдағы жылдары жеке­ше­лендіріледі. Бағдарлама бекітілген мерзімге сәйкес орындалып жатыр. Бәсекелес емес тәсілмен өткізілетін сатып алу және сатып алу рәсімдерінің ашықтығы туралы сынға да қордың айтар өз уәжі бар. «Самұрық-Қазына» 2018 жылдан бастап жүргізіп жатқан өзгерістер нәтижесінде холдинг ішіндегі сатып алу­лар 25 есе қысқарып, 630 млрд теңгеден астам қаражат бәсе­келестік ортаға берілген. Сатып алудағы үнемдеу 155 Мил­лиард теңгеден асты. Бұдан басқа, алғаш рет елімізде импорт ал­мастыруды дамыту үшін оффтейк келісімшарттар тетігі ен­гізілген, бұл бүгінде табысты жұмыс істеп жатыр. Қазірдің өзінде жаңа өндірістер құру бойынша 27 жоба мақұлданып, инвестиция көлемі 215 млрд теңгеден асқан. 1 600-ден астам жұмыс орны ашылады. Қордың «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» заңға сәйкес не­гізгі міндеті – корпоративтік басқаруды жақсарту және жал­ғыз акционердің пайдасына кіріс табу. Деректерге жүгінсек, 2019 жылы Қордың операциялық табысы 922 млрд теңгені құрады. Бұл жоспарлы көрсеткіштен 20,5 пайызға немесе 157 млрд теңгеге артық. «Самұрық-Қазына» 2019 жылдың қорытындысы бойын­ша салық түсімін 39 пайызға ұлғайтты, бұл шамамен 1,2 трлн теңгені немесе мемлекет бюд­жетіне түсетін барлық түсімнің 10 пайызын құрайды. Дивидендтерді төлеуге және «профельді емес объектілерді салуға» қатысты сын бойынша былтыр акционерге (ҚР Үкі­метіне) берілетін дивиденд көлемі 2 есе артып, 190 млрд тең­гені құрады. Бұл – Кор­пора­тивтік орталықтың таза та­бы­сының 70 пайызы. Акционер­ге берілетін қалған бөлу­лерге қатысты шешімдер ел Прези­дентінің келісімі бойын­ша Үкімет қаулысымен қабыл­данады. Бұл ретте «Самұрық-Қазына» Арыс және Түркістан қалаларында салынған нысан­дар жағдайын мысалға келтіріп отыр. Есеп комитеті «...іс жүзінде экономикадағы үш холдингтің үлесі төмендемей тұр... олар­дың шоғырландырылған актив­тері 32 трлн теңгеден астам сомаға жетті», – дейді. Ал «Самұрық-Қазына» өкілдері «Қор туралы» заңда да, 2018 жылдың сәуірінде бекітілген Стратегияда да актив­тер құнын арттыру белгіленген міндет саналады, өткен кезеңде ол 1,7 трлн теңгеге өсіп, 26,5 трлн тең­гені құрады дейді. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі департаменті жоғарыда аталған мәліметтердің барлығы бұған дейін бірнеше рет жарияланған, ашық дереккөздерде де бар екенін алға тартып отыр. Қор мен оның портфельдік компаниялары бүгінгі таңда халықаралық агенттіктердің оң рейтингіне ие бола отырып, осы ірі активтерді ІРО-ға шы­ғару бойынша қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр. Айта кетейік, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қо­ры 2008 жылы Президент Жар­лығымен құрылған, ком­мер­циялық құрылым – инвес­тициялық холдинг саналады. Миссиясы – Қазақстанның ұлттық әл-ауқатын көтеру және ұлттық экономиканы жаң­ғырту­ды қолдау. Қор активі шамамен 68 млрд долларды құрайды. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына мұнай-газ және көлік-логис­тика сек­торлары, химия және атом өнер­кәсіптері, тау-кен кешендері, энер­гетика, ма­шина құрастыру және жылжы­майтын мүлік сала­ларының кәсіпорындары кіреді.   Айдана БЕГІМ, Нұр-Сұлтан