Коронавирус: елге қанша адам келді?
Коронавирус: елге қанша адам келді?
321
оқылды
Қазақстанға Қытайдан келгеннен кейін 185 адам карантинге жіберілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. «Бізде бірінші санатта Қы­тайдан келген 185 адам бар. Әзір­ге олар карантинде. 1 нау­рыздан бастап тізіміміз кеңей­мек. Қатарға Оңтүстік Корея, Италия, Жапония, Ираннан келген азаматтар қосылмақ. Біз олардың барлығын ауру­хана­ларға орналастырғымыз кел­мейді. Тек симптомы бар адам­дар ғана ауруханаға барады», – деді министр журналистермен кездесуінде. Министр көрсет­кен мәліметтерге сүйенсек, қа­зір екінші санат бойынша адам саны – 2 235 адам. Олар шекарадан өткен күннен бас­тап, 24 күн бойы медициналық бақылауда болады. 14 күн бойы маман күнделікті келіп қада­ға­ласа, 10 күн бойы қашықтықтан бақылап отырады. Үшінші санатта – 1 401 адам. Оларға 24 күн бойы қашық­тықтан бақылау орнатылады. Сондай-ақ коронавирустың кең таралуына байланысты эпидемиялық қолайсыз ел­дер­дегі Қазақстан азаматтарына бай­ланысты Сыртқы істер ми­нистрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияр брифинг өткізді. – Біздің Сеулдегі елшілік тарапынан азаматтарымызды Оңтүстік Кореядағы корона­ви­русқа қатысты ақпараттандыру бойынша бірқатар шара қа­былдады. Дипломаттарымыз отан­дастарымызбен мес­сенд­жер, әлеуметтік желілер ар­қылы бай­ланыс орнатып, қа­жетті ақ­паратты ресми интер­нет-ре­сурстарда орналастыру арқылы және телефон арқы­лы хабар­лауда. Сонымен қа­тар жедел штаб құрылып, WhatsApp мес­сен­джерінде ар­найы чат құ­ры­лып, тәулік бойы жедел желі те­лефоны жұмыс істеуде. Қа­зақстан азаматта­рын консулдық есепке алу жұ­мысы күнделікті жүргізіліп жатыр, – дейді ве­домствоның ресми өкілі. Мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда Оңтүстік Кореяда 35 мыңнан астам Қазақстан аза­маты бар. Оның ішінде шама­мен 12 мыңдайы – заңсыз жүр­гендер. Ал консулдық есепте небәрі 848 адам тұр екен. «1 наурыздан бастап Қа­зақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы рейстер қысқар­­тылады. Осыған байла­нысты Оңтүстік Кореяда жүрген аза­маттарымызды осы шектеу күшіне енгенге дейін елге ора­луға шақырамыз» дейді Айбек Смадияр.   Г.БЕКЗАТ