Елордада «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» форумы өтті
Елордада «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» форумы өтті
295
оқылды
Елордада 3000-ға жуық адамның қатысуымен «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» форумы өтті. Іс-шараға Мәжіліс пен мәслихаттарға кандидаттар, партия белсенділері мен жақтастары және «Жастар рухы» Жастар қанатының мүшелері қатысты. Өз сөзінде «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов үгіт-насихат кезеңіндегі қажырлы еңбегі үшін партияластарға алғыс айтып, жастар қанатының жасампаздығы мен белсенділігін ерекше атап өтті.
«Бір айдың ішінде республикалық және өңірлік сайлауалды штабтардың мүшелері 30 мың кездесу өткізіп, 4 миллионнан астам адамды қамтыды. Кездесулер барысында партияның сайлауалды бағдарламасын талқылап, азаматтардың талап-тілектерін жинадық», – деді ол. «Біз тарихта қалатын іс тындырып жатырмыз және оған әрқайсымыз үлес қосудамыз. Үгіт-насихат жұмысының барлық кезеңінде біз сайлаушылармен ашық әңгімелестік, дебаттарға қатыстық, кез келген алаңда қарсыластармен пікірталас жүргіздік. «AMANAT» шалғайдағы ауылда да, Тик-токта да болды», – деді ол.
 width= Партия Төрағасы сайлаудан кейін үгіт-насихат плакаттарының орнын нақты істер алмастыру керек екенін атап өтті. Оның айтуынша, 19 наурыз – 19 миллион халықтың болашағын айқындайтын күн.  width=
«Жауапкершілік жүгін сезінетін партия жаңа науқанға дайындық сайлаудан кейінгі күні-ақ басталатынын біледі. Сайлауалды бағдарламаның барлық тармағы толық орындалуы тиіс. Себебі, ондағы әр цифрдың артында адам тағдыры тұр», – деді Ерлан Қошанов.
Сондай-ақ форум барысында партиядан Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар Мақсат Толықбай, Есен Елеукен, Нартай Сәрсенғалиев, Севда Әлиева, Ринат Заитов, Ольга  Спирина және Асхат Аймағамбетов сөз сөйледі.