Аталған хабарламалар – жалған ақпарат және олардың Ішкі істер министрлігіне ешқандай қатысы жоқ.
Жалған SMS-хабарлама таралып жатыр: министрлік ескерту жасады
Фото: istockphoto.com
122
оқылды

ІІМ ведомстволық оқу орындарына қабылдау туралы SMS-хабарламалардың жалған екенін ескертті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ішкі істер министрлігі талапкерлердің ІІМ-нің ведомстволық білім беру ұйымдарына оқуға қабылданғаны туралы жалған SMS-хабарламалардың тарап жатқанын хабарлады. Аталған хабарламалар – жалған ақпарат және олардың Ішкі істер министрлігіне ешқандай қатысы жоқ. 

Қазіргі уақытта қабылдау науқаны әлі де жалғасып жатыр. Іріктеудің барлық кезеңі аяқталған жоқ. Қабылдау белгіленген мерзімге сәйкес, 15–25 шілде аралығында жүзеге асырылады. 

Қабылдау науқанының қорытынды нәтижесі конкурстық іріктеудің барлық кезеңі аяқталып, қабылдау комиссиялары тиісті шешім қабылдағаннан кейін ғана “Qyzmet police” ақпараттық жүйесіндегі талапкердің жеке кабинетінде жарияланады. 

«Назар аударамыз, “Qyzmet police” ақпараттық жүйесі талапкерлердің оқуға қабылданғаны туралы SMS-хабарламалар жібермейді. Осыған байланысты азаматтарды мұндай хабарламаларға сенбеуге, олардағы сілтемелерге өтпеуге, жеке деректерін жария етпеуге және тек Ішкі істер министрлігінің ресми ақпаратына ғана сүйенуге шақырамыз», - делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.