TURAN-ның турнесі

TURAN

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солистері –  TURAN этно-фольклорлық ансамблі 15 жылдық мерейтойына орай әлемдік турнеге шығады.

Ансамбль алғашқы халық­ара­лық гастрольдік сапарын АҚШ-тан бастайды. Өнерпаздар Ұлыс­тың ұлы күніне орай 21-23 наурыз күндері Вашингтон қаласындағы әйгілі University of District of Columbia Тheater of Тhe Аrts сахна­сын­да, сондай-ақ Джордж Ва­шинг­тон университетінде арнайы концерттік бағдарлама ұсынады.

Одан соң ансамбль 1-17 сәуір аралығында Еуропаның бірнеше шаһарында, атап айтсақ, Фран­ция­ның Париж, Бельфор, Лион, Швейцарияның Женева, Бельгия­ның Брюссель, Хорватияның Заг­реб, Словенияның Любляна, Австрияның Вена, Мажарстанның Будапешт қалаларында концерт береді.

Содан кейін музыкалық топ Қырғыз Республикасы, Өзбекстан елдерінде өнер көрсетеді.

Шараларға Қазақконцерт солистері – белгілі опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медет Чотабаев және виолончелист, Шанхай музыка кон­серваториясының магистран­ты Талғар Шалқарұлы да қатыса­ды.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.