Демалыс және мейрам күндерінің ауа райы болжамы: Күн күрт жылынады

Демалыс және мейрам күндерінің ауа райы болжамы: Күн күрт жылынады

Синоптиктер 2023 жылғы 18-24 наурыз аралығында демалыс және мереке күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады. Болжамға сәйкес, ауа райы жауын-шашынды болып, еліміздің жеті аймағында күн күрт жылынады. "Қазгидромет" РМК деректеріне сәйкес, 18-19 наурызда еліміздің солтүстігінде, шығысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, еліміздің оңтүстік жартысында жаңбыр жауады деп болжанады.

"19 наурызға қараған түні Алматы және Жетісу облыстарының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі, осыған байланысты жоғарыда аталған өңірлерде сай-салаға су толады деп күтіледі", — делінген хабарламада.
Болжамға сәйкес, 22-24 наурызда солтүстік өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі.
"21 наурыздан бастап Ұлытау, Павлодар, 22 наурыздан бастап Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз сынап бағаны біртіндеп 3-13 градусқа көтеріліп, күн күрт жылынады деп болжанады", —  деп жазды "Қазгидромет" РМК.