Түркістан облысында 54 жастағы ана ұл тапты
Түркістан облысында 54 жастағы ана ұл тапты
949
оқылды
Ордабасы аудандық орталық ауруханасының перзентхана бөлімінде 54 жастағы әйел ЭКҰ арқылы жүкті болып, ота жолымен 2023 жылдың 15 наурызы күні салмағы 4,5 келіден асатын ұл баланы дүниеге алып келді. Қазір  ана мен баланың жағдайы жақсы. Түркістан облысында 54 жастағы ана ұл баланы дүниеге әкелді. Бұл — отбасындағы екінші сәби. Біріншісін (қыз бала) осыдан үш жыл бұрын, яғни 2020 жылы 51 жасында босанған. Сәбиін қолына алған ананың қуанышында шек жоқ. Дәрігерлерге алғысы шексіз.