Коронавирус туризмге соққы жасады
Коронавирус туризмге соққы жасады
440
оқылды
Қытайда тарай бастаған коронавирус адамзат баласы үшін тек қатерлі дерт қана емес, бірқатар салалардың зардап шегуіне апарып соғатын «экономикалық індет» сипатын да алып бара жатыр. Өйткені вирустың кесірінен қазірдің өзінде туризм саласы зардап шегуде. Euronews-тің хабарлауына қа­рағанда, Қытайға баратын ұшақ рейстерінің тоқтатылуына бай­ла­нысты екі аптаның ішін­де Еу­ро­­паның бірқатар әуеком­па­ния­лары әжептәуір зиян шеге бастаған. Атап айтқанда, Air France-KLM ақпан мен сәуірдің ара­сында шамамен 150-200 млн доллар аз табыс табатынын мә­лім­­деді. Олар қазірдің өзінде жа­­­һан­дағы саяхатшысы ең көп ел­мен байланыстың үзілуінен туын­­­даған шығындардың орнын тол­­тыруға қиналып отыр. Ал авс­­тра­лиялық Qantas Airways 18 ұша­ғын пайдалануды доғарып, 30 мың қызметкеріне кезекті ең­бек де­малысына шығуға кеңес бер­ген. Сөйтіп, авиакомпания Азия елдеріне бағытталған сапар­лар­­ға сұ­раныстың азаюынан туын­дай­тын шығынды сәл де болса кемітпек ниетте. Бірақ бәрібір ком­пания биыл 90 млн доллар шы­ғын тартады деген болжам бар. Ал IATA (Халықаралық әуекө­лі­гі қауымдастығы) вирустың та­рауы дер кезінде тоқтатылмаса, Азия-Тынық мұхиты аймағына жо­лаушылар тасымалдайтын әуе­ком­паниялары биыл 27,8 млрд дол­лар пайдадан қағылатынын мә­лімдепті. Міне, мұның өзі COVID-19 эпидемиясының ту­ризм­­ге жасаған алғашқы соққы­ла­­­ры­ның қаншалықты ауыр екенін көр­­сетеді.  

Қытайлықтар болмаса көшелер қаңырап қалады

Эпидемияның тарауынан тек жо­лаушы тасымалымен айна­лы­сатын компаниялар ғана емес, экономикасы туризмге иек арт­қан бірқатар елдер зардап шегуі мүм­кін. Өйткені әлемде саяхатқа шыға­тын азаматтарының саны жөні­нен Қытай көш бастап тұр. Қазір бұл ел жабық. Демек, Грекия, Түркия, Мысыр және Еуропаның бірқатар елдеріне биыл турист жыл­дағыдан аз келуі ықтимал. Тіп­ті, коронавирустың зардабын Ре­сейдің кейбір аймақтары да тар­­тып жатыр. Масс-медиа дерек­те­ріне қарағанда, қазірдің өзінде Бай­кал көліне саяхат жасайтын қытайлықтар саны күрт кеміп кетіпті. Бірқатар медиа құралдары қа­зірдің өзінде Еуропаның кейбір ай­мақтарында туристердің қара­сы сиреп қалғанын жазады. Мәсе­лен, Париждегі Louis Vuitton дүке­ні­нің маңынан, Бавариядағы көне қамалдардың қасынан, Лон­дон көшелерінен қытайлық турис­тер­ді көру мұңға айналғанын ай­тып жатыр. Ал олар болса 2000 жыл­­дардан кейін туризм сала­сы­­ның негізгі драйверлерінің бірі­не айналған болатын. Өйткені Қы­тай экономикасының өсуі өзге ел­дердегі туризмнің дамуына да ықпал еткен. БҰҰ деректеріне қара­ғанда, 2000 жылы Қытай турис­тері шетелдерге саяхат жасау үшін 10 млрд доллар жұмсаған. Ал 2018 жылы олардың саяхаттауға кет­кен шығындары 277 млрд дол­ларға жетіпті. Яғни, 27 есе өс­кен. Алайда бұл көрсеткіш биыл күрт төмендеуі мүмкін. Де­мек, туризмді кәсіп қылған мем­ле­кеттердің табысы да ойсы­­ра­мақ. Рас, әзір­ге туризм сала­сы­ның нақты қан­ша миллион немесе миллиард дол­лар зиян шегетінін болжау қиын. Өйткені эпидемиямен күрес әлі жалғасып жатыр һәм оны толық ауыздықтау қашан мүм­кін болатыны белгісіз. Егер ін­дет­тің таралуын сәуірге дейін те­жеу мүмкін болмаса, туризм ғана емес, өзге де салалар қыруар зиян тар­та­ды. Біздің пайымдауымызша, COVID-19 вирусын тоқтату сәуірге дейін адамзаттың қолынан келе қой­майтын сыңайлы.  

Бір тәулікте 7 мемлекетке жетті

Иә, COVID-19 эпидемиясы бір тәулікте 7 елге жетті. Ақ­пан­­­ның 26-27-сі вирус Бра­­зи­лия, Пәкістан, Солтүстік Ма­­­ке­дония, Грузия, Алжир, Гре­кия және Норвегиядан табыл­ды. Дәлірек айтқанда, аталған ел­ азаматтарының бойынан аты­шулы вирус шықты. Сөйтіп, вирус жаһандағы 50-ге жуық елге жет­кен жайы бар. Оның үстіне ви­рустың туристер көп баратын өл­келерге де жетуі алаңдатады. Өйт­­кені экономикасы туризмге сү­йе­н­­ген елдер қытайлықтар кел­­месе, олардың орнын жа­пон­­­дар, кореялықтар және бас­­­­қалар басатын болар деп үміт­­­­­­­­те­не­тін. Әсіресе, Ресей ту­ро­­пе­­­ратор­ла­рының арасында сон­дай үміт көп еді. Эпидемияның Қы­­­­­тай­дан кейінгі орталығына ай­на­лу қатері төніп тұрған Оңтүс­тік Ко­рея­дағы жағдайдың күрделене түсуі осынау үміттің күлін көкке ұшыр­ды. Демек, енді қытайлардың орнын өзгелер басады деп үміт­те­ну­дің де жөні жоқ. Өйткені ви­рус­тың таралу қаупі бір азаматы ауыр­ған елдің өзінде күрт көбейетіні байқалып тұр. Мәселен, Қазақ­стан­мен Каспий теңізі арқылы шекараласатын Иранға вирустың жетуі Таяу Шығысқа тұтастай қауіп төндіріп тұр. Иран денсау­лық сақтау вице-министрі Ирадж Ха­рирчидің өзі вирус жұқты­рып ал­ған соң, қарапайым азамат­тар­дан не сұрайсыз?! Бәлкім, содан да шығар, кеше Сауд Арабиясы эпи­демияға байланысты умра қа­жы­лығына уақытша шектеу қоймаққа бел буды. Әрине, бұл жерде әңгіме вирус шыққан ел­­дер­­дің азаматтарына виза беріл­­мей­тіні туралы екенін де еске­ру қажет. Алайда вирустың та­ралу қар­қы­ны­ның жоғары еке­нін ес­кер­сек, ум­раға тұтас шек­теу қо­йылуы да бек мүмкін. Өйт­ке­ні вирус тараған елдер қатары көбейіп барады. Олар­дың арасында мұсылман мем­ле­кеттері де аз емес. Бұл жалғаса берсе шілденің соңында келетін «үл­кен» қажылыққа қатысты да түр­лі шектеулер пайда болуы мүм­кін. Демек, вирус арабтардың да қалтасын қағатын түрі бар. Туризммен тәуір табыс табатын Түркияның да халі қыл үстінде тұр. Өйткені вирус табылған Иран мем­лекетімен көрші отыруы, пар­сы жерінен Анадолыға неме­се керісінше туристердің де, сау­дагерлердің де барып-келіп жүр­гені Анкараны алаңдатқан жайы бар. Қазірдің өзінде бір­неше елді мекен мен қалаларда адам­дарды ка­рантинге жатқызып, ба­рынша сақ­т­ық шараларын кү­шей­тіп жа­тыр. Дегенмен вирус­тың Түр­кия­ға еніп кету қаупі өте жо­ға­ры. Ал Халықаралық олим­­­пиада ко­митетіндегілер биыл жазда То­кио­да өтетін жазғы Олим­­­пиада ойын­дарын өткізу-өт­­кізбеу мә­се­лесін талқылай бас­­тады. Одан бөлек, іскерлік фо­­рум­дарға да шек­теу қойылып жатыр. Өт­кен аптада Барселонада жос­­парланған Mobile World Congress жәр­меңкесі өтпей қалды. Бұл жәр­меңке қала қоржынына 500 млн еуро әкелуі тиіс еді. Бұл – COVID-19 «ша­буы­лы­ның алғашқы нәти­же­лері».    width=Амангелді ҚҰРМЕТ