Бүгін Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауда «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов дауыс берді. Ерлан Қошанов Астанадағы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан №110 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
Ол тек демократиялық әділ сайлау нәтижесінде және жастардың саяси аренаға еркін, кедергісіз келуі арқылы ғана кемел қоғам қалыптасатынын атап өтті.
«Сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылып отыр. Халық өте белсенді. Біз үгіт-насихат науқаны аясында еліміздің барлық өңірін аралап, азаматтардың саяси өмірге араласуға деген қызығушылығы артқанына көз жеткіздік. Бүгінде әркімнің өз таңдауын жасап, ел болашағы үшін дауыс бергені маңызды», – деді Ерлан Қошанов.