Ертең депутаттар да біздің сенімді ақтауы тиіс – қоғам қайраткері Асылы Осман
Ертең депутаттар да біздің сенімді ақтауы тиіс – қоғам қайраткері Асылы Осман
564
оқылды
Алматыда ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚХА мүшесі Асылы Осман қаладағы №64 сайлау учаскесіне барып, алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады. – «Әділетті болайық, шыншыл болайық. Адалдыққа еш нәрсе жетпейді. Сондықтан бүгінгі науқанға баршамыз үн қоссақ деймін. Ертең депутаттар да біздің сенімімізді ақтасын. Елін, жерін, халқын шынайы сүйетін жандар көп болсын деп тілеймін!», – деді Асылы Осман. Айта кетейік, бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің және жергілікті мәслихаттардың депутаттарын кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Алматыда сайлау учаскелері таңғы сағат 07:00-де ашылды. Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Алматыда 602 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр.

Алматы